Кирсанов зоологиялық қорығы

рисунок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1967 жылы құрылған.

1999 жылы республикалық маңыздағы қорық санаты берілді.

Қорық солтүстігінде Орал өзені алқабында Елтышовка өзенінен бастап Утва өзенінің сағасына дейін, оңтүстігінде Озерное және Қабыл төбе елді мекендеріне дейін Зеленов, Бөрлі, Теректі аудандарының аумағындағы 61,0 мың гектар жерді алып жатыр.

Бұл жерде 500-ден астам өсімдік түрлерінің, соның ішінде сирек кездесетін кәдімгі емен, қандағаш, орман жаңғағы, қабыржық және т.б сияқты өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай бар.

Қорықтағы жануарлар әлемі де бай. Бұл қорықта тек жер бетіндегі омыртқалылардың 150 түрі, соның ішінде 120 түрлі құс, 20 - сүт қоректілер, 10 -  бауырымен жорғалаушылар және  қос мекенділер және 30-дан астам балық түрлері бар.

Сүт қоректілер ішінде қама, жұпар тышқан, орман сусары, еуропалық күзен кездеседі. Қорық та негізінен осы жануарларды, әсіресе, қаманы қорғау және көбейту үшін ашылған болатын.

Құстардың  дендрофилдық түрлері көп.

Биік діңгекті алқаптарда үлкен көк құс, сарғалдақ, ағаштары сирек алаңдарда отқұйрық торғай, көкшіл шымшық, мақтан торғай, қара қоршын, су бүркіті кездеседі, елсіз жерлерді үкі мекендейді.

Балықтардың ішінде тұқы тәріздестер көп, оның 20 шақты түрі кездеседі. 

 

Бударин зоологиялық қорығы 

рисунок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1967 жылы құрылды.

1992 жылы республикалық маңыздағы түр қорығы статусы берілді. Қорық Зеленов және Ақжайық аудандары аумағында орналасқан, солтүстігінде Скворкино ауылынан оңтүстігінде Барановка ауылына дейінгі аралықта 80,0 мың гектар Орал өзені алқабын алып жатыр. Кирсанов қорығымен салыстырғанда, орман өсімдіктерінің түрі әжептәуір азайған, емен, көк терек, ақ қайың тоғайлары сиреген, боз талды-теректі орман басым.

Өзен арнасына маңайлас жатқан алаңқайлар айрауықты және упілмәлікті-айрауықты шабындықтар, ал орталық және террасалық алаңдарда мысыққұйрық  және үпілмәлік және миямен аралас бидайықтар өседі, олар сорлы жерлерде Гмелин кермегі, петросимония, бескильница, бассия және тағы да кейбір галофиттермен ауысады.

Су қоймаларында қамыс-қоғалы тоғайлардан басқа қызыл кітапқа енгізілген чилим, сальвиния және өзге де гидрофиттердің тоғайлары кезігеді.

Қорықта жануарлар әлемі бай, шамамен 120 түрлі құс, 30 түрлі балық, 20 түрлі сүт қоректілер және оншақты түрлі бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер бар.

Осы қорық ашылғаннан бері арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, флора мен фаунаның қазіргі жағдайын және антропогендік ықпал масштабы мен сипатын зерттеу қажет.

 

Шалқар биогидрогеологиялық қорығы 

рисунок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1992 жылы облыстық әкімшілік шешімімен құрылған. Ақжайық ауданы шегіндегі жақын маңайымен қоса Шалқар өзені, Әлжан көлі акваториясында 260,0 мың гектар жерді алып жатыр.  Шалқар бассейнінің флорасына 600-дей өсімдік, соның ішінде оннан астам сирек кездесетін, негізінен борлы эндемиктер - сылдыршөп, көкшіл гүл, бұйырғын, қырғыз ақжапырағы, Корнух-Троцкий пупавкасы, Маршал көктікені, Шренк бәйшешегі және басқа да өсімдіктер өседі. 

Жануарлар әлемі бай. Қорықты  шамамен 130 түрлі құс, сүт қоректілердің 20 шақты түрі және осынша түрлі балықтар, соның ішінде эндемикалық шалқар майшабағы мекендейді. Көл жағалай жағалау қарылғаштары, сары қаратамақ және сулы-батпақты жерді мекендейтін қасқалдақ, барылдауық, қызылбасты сүңгуір үйректер, қоңыр қаз, кәдімгі және күміс шағалалар, қоңыр және  үлкен аққұтан, батпақ құладыны, қызғыш құс ұялап, мекендейді. Далалық жерлерді дала бозторғайы, аққанат бозторғай және кәдімгі  каменка мекендейді. Көлде сирек кездесетін құстар- сұңқылдақ аққу, тұрпан, жалбағай, су бүркіті де кезігеді.

Көл жағасында сүт қоректілерден саршұнақ, тоқалтіс сұр тышқан, атжалман, соқыр тышқан, түлкі, қарсақ, дала сасықкүзені кезігеді, қамыс ішін ондатра мекендейді.

Бұрын Сантаста дала сұр жыланы, кесіртке көп болатын, қазір сужыланы, өрнекті сарыбауыр қарашұбар жылан, батпақ тасбақасы, көлбақа, жасыл бақа және басқалары кездеседі.

Балықтардың ең көп түрлері: ақтабан, сазан, көксерке, қаракөз, шортан, алабұға, табан..

 

«Дубрава» ботаникалық қорығы

рисунок

1985 жылы құрылды. Қабыл Төбе ауылы маңында, Орал өзенінің солтүстік жағалауында 6 га жерді алып жатыр. Орал үстіртінің боз шөпті батыс шеті мен бірнеше сай-сала кескіленген, емен, көктерек, аққайыңдар өсетін, олардың көлеңкесінде орманжаңғақ, қабыржық, ырғай сияқты сирек кездесетін солтүстікке тән тал-теректер көктеген ерекше орманды Оралдың ежелгі террасаларында орналасқан. Бұл жерде олардың ареалының оңтүстік шекарасы өтеді. Сайларда дала шиесі, ешкісабақ, спирея, итмұрын, тағы басқа да желектер мол.

Қорық қыранот, түйеқұсшөп, қырықбуынның бірнеше түрі, гүлтәжі, қоңыраубас, гравилат, биік андыз, Андржевский қалампыры, қызыл долана және басқа да 30 шақты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлері өсетін бірегей жер. Тың жерлерді жырту, мал жаю, орманды жүйесіз және аяусыз кесу бұл бірегей орынның жойылып кету қаупін тудыруда. 

Қорық тәртібін орнату және мал жаюға шектеу қою сирек кездесетін өсімдіктер өсетін жерлердің деградациялану процесін тоқтатып, дала өсімдіктері қалпына келе бастады. Дегенмен, орман мен зиянкес жәндіктерге тиісті дәрежедегі бақылау қамтамасыз етілмесе, бұл қолданылған шаралар өз дәрежесінде нәтиже бермейді.  Табиғаттың осы бір бірегей бұрышын қорғау шараларын күшейту орманжаңғақ пен еменнің Орал өзені аумағындағы өсуін зерттеуге мүмкіндік береді.

 

 

Орал өзенінің қорықты аймағы

рисунок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1974 жылы қорық аймағы болып жарияланды.  Барбастау өзені сағасынан бастап Орал өзенінің алқабының оңтүстігіне қарай және Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Қорықтың облыс аумағындағы  едәуір бөлігі Бударин қорығының құрамына енгізілген. Бұл қорық табиғи бірегей және балық шаруашылығында маңызды су қоймасын - бекіре тұқымдас және өзге де құнды балықтардың табиғи өсімі орынын қорғау үшін ұйымдастырылған. Ерекше экологиялық жағдайлардың арқасында бұл жерде 600-700  түрлі жоғары өсімдіктер, соның ішінде 90 түрі -сирек кездесетін, 12 түрі ( су жаңғағы, көктемгі адонис, Комаров жоңышқасы, гүлтәжі, Шренк бәйшешегі, мамыр інжугүлі, қара қандыағаш және басқалары) Қызыл кітапқа енгізілген. 

Биологиялық түрлер мен азық базасының бай болуына байланысты жануарлар әлемі де бай, бұл жерде бірнеше мың омыртқасыздар мен 200 -дей омыртқалылар, соның ішінде шамамен 120 түрлі құстар, оншақты түр бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер, 40 шақты балық түрі мен бір дөңгелек ауыздылар түрі мекендейді. Солардың ішінде 15 жәндіктер түрі, 3-сүт қоректілер, 25 құс, 4 балық түрі мен жалғыз дөңгелек ауызды - каспийлік жыланбалық Қызыл кітапқа енгізілген. 

Орал өзенінің алқабына шаруашылық қызметтердің ықпалы ежелден ақ  күшті.