Топырақ-климаттық ресурстар мен бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуді есепке ала отырып, аудан аумағы екі табиғи-экономикалық аймаққа бөлінген:

1.  Ауыл шаруашылығы аймағы - далалық егістік-мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі, бұл жерлерде негізінен қызғылт және қызыл қоңыр топырақ, бонитеттік  баллы 20-дан 36-ға дейін. 

2. Ауылшаруашылық аймағы - сырталдылық, мал шаруашылығы-егістік шаруашылығы (оңтүстік бөлік), бұл жерлерге ашық қызғылт топырақ тән, егістіктің боннитеттік баллы 16-дан 28-ге дейін ауытқиды. 

рисунокТеректі ауданы облыс аумағында егін шаруашылығы бойынша екінші орында тұрған ірі аудан. Аудан диқандары жаңа технологияларды енгізе отырып, жұмыс жасауда. Өткен жылы ауа райына байланысты егістіктен орташа түсім 3,3 ц/га болды. Дәнді және жаздық дақылдар салынатын жердің жалпы көлемі 97,0 мың га.          

Теректі ауданында мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Негізінен ет-сүт өнімдерін өндіріледі. Сондықтан да мал шаруашылығына, әсіресе мал басын асылдандыру, көбейтуге басым назар аударылады.  Ауданда ет бағытындағы ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры мен сүт бағытындағы асыл тұқымды  голштинофриз сиырлары, көшім жылқысы өсіріледі.

 

 

Негізгі бағыттары:

  • Өсімдік шаруашылығы: жаздық бидайдың қатты сорттары, сұлы, арпа, нұт.
  • Мал шаруашылығы: ірі қара мал, қой, асыл тұқымды жылқы, әр түрлі үй құстары
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу
  • Санаторлық-курорттық аймақ құрылысы