рисунокБатыс Қазақстан облысының құрамындағы Теректі ауданы 1933 жылы құрылған болатын. Ауданның әкімшілік орталығы-Федоровка ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 45 км шығысқа қарай жатыр. Ауданның аумағы 8,0 мың шаршы км, бұл Батыс Қазақстан облысы аумағының 5,3 пайызы. Аудан Жайық өзенінің солтүстік жағалауында, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның солтүстік шекарасы - Жайық өзені, батысында - Орал қаласы, шығысында Бөрлі ауданының, оңтүстігінде Сырым және Ақжайық аудандарының жерлерімен шекаралас.

Ауданның әкімшілік-аумақтық орналасуы: 15 ауылдық округ, оның ішінде 52 елді мекен. Аудан тұрғындарының саны 37 401 адам. 11 ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Облыс аумағындағы ірі аудандырдың бірі - Теректі ауданы ежелден Еуропа мен Азияны тоғыстырған тарихи аймақ.Бұл жермен Ұлы Жібек жолы өткен.Ғасырлар өтсе де, дәстүрлі жолдан таймаған ауданның жерімен Еуропа мен Азияны байланыстыратын темір жол, республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тас жолы өтеді, халықаралық «Ақжол» әуежайы әлемнің қай жеріне болса да, жетуге мүмкіндік береді.Кәсіпкерлерге ауданда инфрақұрылымның барлық түрі қарастырылғандықтан кәсіпті жүргізуіне үлкен мүмкіндіктер бар.

рисунокАудан аумағында «Ақжайық Санаториясы» ЖШС шипажайы орналасқан. Бұл жерде облыс және шетелдерден келген қонақтар Жайық өзені жағасында демалып, жүрек-тамыр жүйесі және т.б аурулардан емделеді. Ғалымдар мен дәрігерлердің тұжырымы бойынша «Акжайық санаториясының» аумағында табылған минералды сулар жұрек-қан тамырлары, ишемиялық жүрек, тірек-қимыл жүйесі және қант диабеті ауруларын емдейді. «Ақжайық» суының минералдылығы 6 дан 27 г/литрге дейін. Химиялық құрамы бойынша хлоридті-магний-натрийлі. Көп мөлшерде, құрамында мынадай биологиялық белсенді компоненттер бар: бром (25-32 мг/л), кремний (5,6 мг/л). Биологиялық құрамы мен минералдылығына байланысты 10 г/литрге дейін емдік ауыз су ретінде және больнелогиялық процедураларға да қолданылады (жоғары минералды сулар).

Ауданда жалпы білім беру және арнайы оқу орындары жүйесі жақсы дамыған. Барлық мектептер компьютерленген, пәндік және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Оқу орындарына мемлекеттік грант бойынша түскен түлектер саны жыл санап өсуде. Ауданымыздағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясы - облыс бойынша алдыңғы қатардағы білім беру мекемелерінің бірі.

Аудан аумағында тарихи, табиғаты ерекше қорғалатын жерлер бар. Братановский яр шатқалында әлемге әйгілі, Нобель сыйлығының лауреаты М.А. Шолоховтың саяжай-мұражайы, Шалқар ауылдық округіндегі Сары Өмір ауылында қазақтың танымал ағартушысы, ойшыл, жазушы Хамза Есенжановтың мұражайы орналасқан.

рисунокОрал өңірі табиғатының тамаша тарихи ескерткіштерінің бірі, ауданның оңтүстік-батысындағы Қазақстандағы ірі көл - Шалқар көлі. Орал қаласынан 75 км жерде орналасқан. Табиғи су қоймасының пайда болуы туралы біржақты пікір әлі күнге дейін қалыптаспаған. Бірақ, қазіргі Каспий ойпатында ертеде Хвалынь теңізі болғандығы, оның тартыла келіп, қазіргі каспий теңізі мен Шалқар көліне бөлінгені жөнінде болжам бар. Себебі көлдің гидрогеологиялық жағдайы Каспий теңізіне ұқсас.  Шалқар көлі - Теңіз деңгейінен биіктігі 16,7 м. Ауданы 205,8 км², ұзындығы 18,4 км, ең енді жері 14,7 км.

Шолақаңқаты және Есенаңқаты өзендері құяды, су деңгейі 15,5 м көтерілгенде Солянка өзені ағып шығады. Минералдары көктемде 3 - 4 г/л-ден қысқа қарай 6 - 8 г/л-ге дейін өседі. Қазақстанның басқа да тұзды көлдері сияқты Шалқар көлі де балық пен құстарға бай.