Теректі ауданының әкімі - Жоламанов Әділ Тауфикұлы

ZholamanovӘділ Тауфикұлы Жоламанов 1968 жылы туған, білім жоғары, «Евразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын бухгалтерлік есеп және аудит, Евразия академиясын құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы облысымыздың Жымпиты аудандық атқару комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік, сәулет- жоспарлау тобының технигі болып бастады, 1993-1994 жылдары Жымпиты ауданындағы «Арай» кәсіпорны директорының орынбасары, сосын Сырым аудандық салық инспекциясының салық инспекторы, бас салық инспекторы, 1998-1999 жылдары БҚО Сырым ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, 1999-2007 жылдары аталған аудан бойынша салық комитеті төрағасы, 2007-2008 жылдары облысымыздағы Теректі ауданы  бойынша салық комитеті төрағасы, 2008-2011 жылдары Теректі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, кейін Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы, БҚО Сырым ауданы әкімінің экономика, ішкі саясат және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. Ал 2014 жылдың мамырынан БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды. 2015 жылдың 12 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

2018 жылдың 11 қазанында  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

 

 

Теректі ауданы әкімінің орынбасары - Тоғжанов Алтай Серғазыұлы

ТукжановТоғжанов Алтай Серғазыұлы 1982 жылы 28 наурызда дүниеге келген. Екі жоғары білімді. 2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша бітірген, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл аумағы істері комитетінің ауылдық елді мекендерді бақылау бөлімінің жетекші маманы, 2006 жылы бас маманы, 2007 жылдың тамыз айында бөлім бастығы болып жұмыс жасады. 2008 жылдың сәуір айынан «Центр инжиниринга и трансферта технологий» АҚ консультациялық аналитикалық департаментінің аналитикалық қамтамасыздандыру секторының менеджері болып, 2010 жылдың сәуір айынан «Центр инжиниринга и трансферта технологии» АҚ технологиялық экспертиза департаментінің эксперті, 2011 жылдың қантар айынан «Центр инжиниринга и трансферта технологии» АҚ технологиялық дамыту және экспертиза департаментінің конструкция бюросының басқару бөлімінің менеджері болып жұмыс атқарды. 2011 жылдың желтоқсан айынан «КазАгроИнновация» АҚ стратегия және корпоративті дамыту департаментінің тәуекелді басқару менеджері. 2012 жылдың сәуір айынан «КазАгроИнновация» АҚ мал шаруашылығын ғылыми сүйемелдеу департаментінің менеджері.

2012 жылдың шілде айында Теректі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы - Байгазиев Армат Амангельдиевич

рисунокБайгазиев Армат Амангельдиевич 1977 жылы 2 қыркүйекте Орал облысы, Чапаев ауданының Чапаев ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1998 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Еңбек және кәсіпкерлік негізі», 2007 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Чапаев №1 орта мектебінің физика пәні  мұғалімі болып бастады. 1998-1999 жылдар аралығында  Ақжайық ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің маманы, 1999-2001 жылдары Зеленов ауданы Каменск жалпы орта білім беретін мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі, №13 кәсіптік мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2001-2004 жылдары Зеленов ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жастар ісі, туризм және спорт бойынша бас маманы қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары аралығында Янайкино ауылдық округінің әкімі, 2005-2008 жылдар аралығында Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2012-2015 жылдары аралығында Зеленов ауданының Рубежин ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті.

2015 жылдың қарашасында Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.