Бүгін теректіліктер елордамыз Астананың 20 жылдығына орай «Астанаға тарту» атты облыстық науқанға атсалысты.

Достық үйі алаңына жиылған жұртшылық аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Астана – Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыбында 20 кітап көрмесін, балалар шығармашылығы үйінің «Астанаға 20 тарту» атты қолөнер бұйымдары көрмесін, сонымен қатар аудандық туризм және экология орталығының «Ғылыми жобалар» көрмесін тамашалады. 

Акция аясында Мәдениет үйі, №2 саз мектебі және Федоров ЖОББМ өнерпаздары дайындаған «Жаса, жайна, ару қала Астана!» атты концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтті. «Адай», «Балбырауын», «Кероғылы» күйлерін нақышына келтіре орындаған домбырашылар ансамблі көрерменді таңдай қақтырды. Дәстүрлі әндерден шашу шашқан бүлдіршіндерге халықтың ықыласы ерекше болды. 

Концертте 20 оқушы флешмоб билеп, көрерменді бір серпілтіп тастады. 

Бас қаламыздың мерейлі жасына орай ұйымдастырылған шара Достық үйі саябағының «Астана» аллеясына 20 түп ағаш отырғызумен жалғасын тапты .#Астанаға20жыл#Астане20лет#Астанағатарту#ПодарокАстане

рисунок

рисунок

Теректі ауданында Теректі ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспарға сәйкес, шаралар өткізіліп жатыр.

«Федоровка ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі бойынша, Еліміздің бас қаласы-  Астана қаласының 20 жылдығына орай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырып, мәнерлеп оқу дағдыларын, туған елге сүйіспеншіліктерін арттырып, Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезімдерін  қалыптастыруға ықпал ету мақсатында  барлық кітапханаларда «Арайлы таңдай- сұлу Астана» атты кітап көрмесі рәсімделіп, мерекелік шаралармен дөңгелек үстелдер өткізілді.

30-шы қаңтар күні Подстепное ауылдық модельді кітапханасында Астананың 20 жылдығы қарсаңында  «Қазақстан бәйтерегі-Астана» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға ауылдық әкімшілік қызметкерлері, мектеп,колледж кітапханашылары, мәдениет қызметкерлері, кітапхана оқырмандарықатысты.    Шараны кітапхана меңгерушісі Алейник О.В. құттықтау сөзбен ашып, шараға қатысушыларды Астана қаласының кележатқан 20 жылдығымен құттықтады. Шара еліміздің Әнұранымен басталды. № 2 ПҚОМ кітапханашысы Габдыгалиева С. «Елорданың тарихы», «Үміт»гимназиясыныңкітапханашысыДөненова Ш. «Астана-Елбасының кемеңгер туындысы»,кітапханашы Нарышова А. «Әлемді таңқалдырған -Астана», кітапханашыРзағалиева Н. «Астананың көрікті жерлерімен ғимараттары», Теректі колледжініңкітапханашысы Мұшағалиева К. «Астана-толеранттылық пен бірліктің астанасы», кітапханашыДжаскужиева И. «ЭКСПО 2017» атты тақырыптарда баяндамалар оқылып, бейнебаяндаркөрсетілді. Мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Сағиев А. «Оралым», әнші М.Омаровтың орындауындағы  «Арман қала» әні мен ағайынды Жүгінүсовтердің орындауындағы  «Астана» әндері шырқалды. Шараны кітапхана меңгерушісі қорытындылап, еліміздің  астанасы-Астана  қаласының оданәрі өркендеп, көркейе беруіне тілектестігін білдірді. «Елімнің жүрегі-Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған әдеби шолужасалды. Барлығы: 19 адам.

31-ші қаңтар күні  Ақжайық ауылдық модельді кітапханасында Астананы Ақмолаға көшіру туралы шешімнің қабылданғанына 20 жыл толуына орай  «Сарыарқа төсіндегі ару қала Астана» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Шара барысында Астананың көрікті жерлері «Астана-бәйтерек», «Пирамида», «Ақорда», «Хан шатыр» т.б. жерлерді таныстыру мақсатында бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Астанам менің», Астана Азияның ару қызы, «Астанам-Астанам», «Ән дарыған далада, Шыңға айналған Астана» өлеңдерін оқыды. Шараға қатысқан мәдениет қызметкерлері «Қазақстан», «Елбасы», «Елім менің» және т.б.әндерін орындады. Кеш соңында «Астана – байтағымның бас қаласы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Барлығы: 30 адам.

6-шы ақпан күні Юбилейное ауылдық кітапханасында «Салтанат» балабақшасының бүлдіршіндері арасында  «Асқақтай бер Астана!» атты ертеңгілік өткізілді. Шара барысында тәрбиеші Өмірзақова Ә. бүлдіршіндерге Астана туралы мәлімет беріп, Астананың қай жылы құрылғанын, оның өсіп-өркендеуі туралы айтып кетті. Тәрбиеші Габдушева А. бейнебаян арқылы Астананың керемет жерлерін көрсетті. Балалар Астана туралы өлең шумақтарын жырлап, әндерін шырқады. Кітапханашы Қуанышқалиева И. «Мен Астанаға барғанда...» деп әсем ару қаланы өз көзімен көрген кереметтерін, ЭКСПО-2017 туралы әңгімелеп берді. Шара соңында бүлдіршіндерге сұрақ қойылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.

8 ақпан  Жайық негізгі мектебінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Менің Отаным - Қазақстан" атты аудандық  ғылыми - практикалық конференция оздырылды. Конференцияға  ауданымыздың Подстепный, Ақсуат, Магистральный, Шаған, Шөптікөл, Еңбек т.б. орта және негізгі мектептердің оқушылары өздерінің экологиялық өнім жобаларын таныстырып өзара бақ сынасты. Байқау нәтижесінде Шаған орта мектебінің 10 сынып оқушысы Алтынбек Қайырғалиев пен оның жетекшісі технология пәнінің жоғары санатты мұғалімі Медет Бисекеновтың мерейі үстем болып жеңімпаз атанды және облыстық байқауға жолдама ұтып алды. Ұстазы мен шәкірті осы жарысқа «Жасыл әлем» атты шағын инновациялық жылыжайы жобасын дайындап әкелген болатын. Қысқаша тарқатып айтсақ – бұл жылыжай үлгісі қаладағы пәтерлерде және қала маңы елдімекендерінде тұратын тұрғындарға жыл бойына шағын көлемде болса да кез-келген дәруменді көкөніс түрлерін өсіруге және түрлі көшеттер мен тәжірибелік қолтұқымдарды өсіруге мүмкіндік беретін экологиялық құрылғы. Ішінде 3 режимді жарық жүйесі, тамшылатып суару қондырғысы, термометр, желдеткіш және аудиоқұрылғы аппараттары асқан үйлесімділікпен орналасқан. Қажетті қуат көзін өндіріп беретін 18 вольттық арнайы күн батареясы да бар. «Әрі жеңіл әрі ықшам бұл құрылғыны кез келген үйге терезе алдына немесе бұрыштарға орналастыруға болады көп орын алмайды, мектептерде биология сабақтарында қолдануға да болады және біз жаңа инженерлік жобамызды алда смартфонмен басқаруды жоспарлап отырмыз осындай қанатқақты жобалар еліміздің дамуының кепілі.

8-ші сәуір күні Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» атты сурет сайысы өткізілді. Сурет сайысына Федоров қазақ ЖОББМ-нің 4-6 сынып оқушыларымен сурет пәнінің мұғалімі Қосжанова Айдана қатысты. Балалар кітапханасында сурет көрмесі безендірілді. Барлығы: 15 адам.

9-шы сәуір күні Аудандық кітапхананың оқу залында федоров №1 мектебінің қатысуымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай «Өсе бер,өрлей бер –Астана» атты тақырыптық кеш өткізілген болатын.    Кеш барысында Астана туралы көптеген мәліметтер беріліп, «К 20 летию Астаны», «ЭКПО – 2017» атты бейне баяндар көрсетілді. «Астана -20» атты слайд таныстырылып , мектеп оқушылары  Л.Бабена және А.Симонова Астана туралы өлеңдерін оқып берді.