«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Аудан бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы саны 5047 адам (1057 отбасы), бұл халықтың жалпы санынан 16,2%-ын құрайды.

АӘК бағдарламасы бойынша 2019 жылға 562165,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде РБ – 354866,0 мың теңге, ОБ – 30629,0 мың теңге, ЖБ – 34 000,0 мың, нац.фонд – 142 670,0 теңге бөлінді.

Бүгінгі күнге 970 отбасына 4752 адамға 560450,1 мың теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

АӘК алушылардың ішінде 188 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар: 93 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 47 адам уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 48 адам кәсіби оқуға жолданды, 3 адам жастар тәжірибесін өтуге жолданды, 27 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, шағын бизнесті дамыту үшін арналған 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алды.

Теректі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы №22-3 «Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 79 отбасы 1447,5  мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы №18-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 2026 азаматқа 51584,0  мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

15 ақпан - Ауғанстан аумағынан Совет әскерлерін шығару күніне орай, ауған соғысының 21 қатысушысы мен мүгедектеріне  50,0 мың теңгеден және қайтыс болған әскери қызметшінің отбасына 20,0 мың теңге, жалпы 22 адамға 1070,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

26 сәуір – Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандарды еске алу күніне орай, Чернобыль АЭС-іне қатысушылар мен мүгедектеріне 30,0 мың теңге және қаза тапқан адамдардың отбасыларына 10,0 мың теңге, барлығы 25 адамға жалпы сомасы 650,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

9 мамыр - Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге, соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттарына жалпы саны 514 адамға жергілікті бюджеттен 5915,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ауданымыздың 139 ерекше балаларына мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

2019 жылдың 19 маусымында «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшесінде «Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметі» болып өтті. Негізгі мақсаты - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларға кеңестік көмек беру болып табылады. 1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы, мүгедек балалардың ата-аналарын кезекке тіркелді. Аталмыш психологиялық көмек және кеңес алуға 3 ата –ана қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын психологтарға қойып, тиісті жауаптарын алды.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге 30 мыңнан 25 адамға және қайтқандардың жолдастарына 10 мыңнан 8 адамға бір реттік әлеуметтік көмек төленді.

Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпанындағы №18-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып бекітілуіне байланысты он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 10,0 мың теңгеден 136 балаға көмек көрсетілді.

Бөлімшеде психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі ерекше балаларға сонымен қатар психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан ерекше жандарға Федоровка және Шағатай ауылдық округтерінде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету барысында сенсорлық кабинеттер жұмыс жасауда. Әр баланың әлеуметтік дағды деңгейіне, әлеуметтену және танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік қызметкерлер жұмыстанып, он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткізіледі. Сонымен қатар ауылдық кітапханаға барып, қызықтырған кітаптармен танысада. Алдағы уақытта атқарылып отырған жұмыстар жалғасын тауып, жандана түсетін болады.

Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы №25-2 «Теректі ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, үйден оқитын 24 мүгедек  балаға, 1090,4 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Подстепное ауылының мәдениет үйінде «Көңілді мәре» атты спорттық шара оздырылды. Шараға үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіп отырған әлеуметтік қызметкерлер мен олардың қамқорындағы ерекше балалар қатысты.

«Три Кота» аниматорлық тобы балалардың көңілін сергітіп ойынды қыздыра түсті.

Шараға қатысқан ерекше қажеттілікті қажет ететін балаларға және әлеуметтік қызметкерлерге мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар, тәтті тағамдар табысталды.

25 қазан күні «Әлеуметтік сала қызметкер күніне» орай үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге арналған салтанатты шара оздырылды. Аталмыш шараға әр ауылдық округтерден  54 әлеуметтік қызметкер қатысты. Әлеуметтік қызметкерлерді мерекелерімен бөлім басшысы құттықтап, 8 әлеуметтік қызметкерге  алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Мереке барысында қызметкерлер әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп мерекені нұрландыра түсті. Мерекелік дастархан жайылып, бір-біріне ақ тілектерін жаудырып тарқасты.

27 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде, мүгедек балалар арасында аудан әкімінің Жаңа жылдық кеші оздырылды, аудан бойынша 135 ерекше балалардың барлығына бағалы сыйлықтар тарту етіліп мерекеге қатысқан 53 балаға мерекелік көңіл күй және Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалының төрағасы  С.Д.Ашикбаев қайырымдылық көрсетіп, Ақжол кафесінде түскі ас берілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы аясында жүзеге асырылуда. Аудан  бойынша  барлығы 904 мүгедек бар, оның ішінде І топ – 68, ІІ топ – 298, ІІІ топ – 403. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар- 121. 16-18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 14. Ұлы Отан соғысының қатысушылары – 1. ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгендер 52 адам, оның 43-і мүгедек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес жыл басынанжеке оңалту бағдарламасы бойынша 101 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедиялық 19 мүгедек, санаторий курортық емделуге 55 мүгедек, сурдо-техниқалық құралдарымен 3 мүгедек, тифло-техниқалық құралдарымен 27 мүгедек, арнаулы жүріп-тұру құралдармен 7 мүгедек, 76 мүгедек жеке көмекші және 7мүгедек ымдау тілі маманның қызметін алуда. Мүгедектерге арналған инватакси арқылы 30 мүгедек қызмет алуда. Жыл басынан 34 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сай, аудан бойынша  үйде әлеуметтік қызмет көрсететін 3 бөлімше  бар, оның екі бөлімшесі қарттар мен мүгедектер, үшіншісі мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер. Бөлімшеде қазіргі уақытта 66 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды, ал 2019 жылы 77 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасады.

Қазіргі таңда бөлімше бойынша 249 қамқорланушылар бар. Оның ішінде 11 мүгедек бала,  221 жалғызбасты қариялар мен 6 мүгедектер және 11 адам он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет алу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына 5 арыз келіп түсіп, Бөрлі, Круглоозерный, Дарьинск, Орал арнаулы әлеуметтік мекемесіне орналастырылды. 1 арыз кезекте тұр.

18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз мүгедектерге қорғаншы тағайындау бойынша 7 арыз келіп түсті.

Аудан бойынша экономиканың  барлық салаларында 2019 жылдың 1 желтоқсанына 839 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспар 691 ж.ж.о.), с.і. ауыл шаруашылығы – 160,  өнеркәсіп – 33, сауда – 72, көлік – 20, білім беру – 3, құрылыс – 65, басқа салалар – 38, уақытша және маусымдық орындар – 448.

Аудан бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі 1950,0 мың теңге көлемінде 20 меморандумға және қызметкерлердің еңбек құқығын және кепілдігін қамтамасыз ету және өндірістік процесстерді тұрақтандыру мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде жеке сектор кәсіпорындары арасында 150 меморандумға қол қойылды.