Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты 21 мәдени ошақтары: 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб, 1 автоклуб және 5 киноқондырғысы жұмыстануда.
Халықтың мәдени - рухани сұраныстарын қанағаттандыруда атқарылған мәдени іс-шаралар саны -144, онда қамтылған көрермендер саны – 11 546 адам.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 34 кітапханадан тұрады: 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 32 ауылдық кітапхана.
Кітап қоры 536 641 дана, мемлекеттік тілде - 190 140 дана, жыл сайын кітапхана оқырмандарының саны артуда. 19 976 оқырман кітапханаға жазылды, кітап берілім саны 372 840-ге жетіп отыр. Кітапханаға келушілер саны - 147 316 адамды құрап отыр.
Бүгінгі күні аудандық Достық үйінде 6 этномәдени бірлестік бар. Қазіргі таңда ресми түрде 2 бірлестіктер тіркелген: «Сябры» белорус этномәдени орталығы және «Өркендеу» корей этномәдени орталығы.
2019 ж 9 ай аралығында 44 шара өткізілді, көрермен саны 2353 адам құрады.
Спорт
Теректі ауданы бойынша объектілер саны БЖСМ-1, ДШСК-1, спорт залдар -19. Барлық спорт залдар типтік. Сонымен қатар, ауданда тир-6, хоккей корты-1, теннис корты-1 бар 2019 жылдың 18 қыркүйегіне БЖСМ-де 31 жарыс өткізілді, 32 іссапар жарыстары. Жалпы қатысқандар саны 1648 адам.