Теректі ауданының 2 - ауруханасының атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

 

Теректі ауданының 2 -  ауруханасында  1 отбасылық денсаулық орталығы, 3 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 20 кереуетті тәуліктік стационар және 56 кереуетті күндізгі стационар, оның ішінде туберкулез ауруына шалдыққандарға арналған 1 керует халыққа қызмет көрсетеді, қамтылу радиусі – 115 шақырым шамасында.

Тұрғындар саны – 9 225 (бірінғай халық тіркелімі/РПН) , облыстық статистикалық басқармасының  мәліметі бойынша – 10 913 оның ішінде ересектер саны – 6 579, балалар саны – 2442, жасөспірімдер саны -  374.

Теректі ауданының 2 -  ауруханасында  штат бойынша  дәрігерлік бірлік - 21,5,  қамтылғаны – 17,5 бірлік, жеке тұлғалар саны, яғни қазіргі таңда қызмет жасап жатқан дәрігерлерлер саны – 16,оның 2 – уі декреттік демалыстағы мамандар ( ЖТД – 1, эпидемиолог - 1). 

2018 ж 1 ЖТД қайта даярлықтан өткізіліп, 03.01.2019  ж бастап невролог кызметін қоса атқаруда.

Дәрігерлемен қамтылу көрсеткіші:  2019 ж 10мың тұрғынға шаққанда – 14,7 құрап отыр / 2018 ж  – 11,6.

Орта буын қызметкерлерімен қамтылу көрсеткіші:  2019 ж 10мың тұрғынға шаққанда – (абс 94) 86,4 құрап отыр / 2018 ж  – 81,7. (абс 91)

 

 Негізгі көрсеткіштер:

Туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 148- ден (13,2) 161-ға (14,8) жетіп,  табиғи өсім 6,3 -тен 9,1-ге өсті,яғни 13 нәрестеге өсіп отыр.

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 77-ден (6,9) 62-ге (5,7) төмендеді.

Бала өлімі аудан бойынша тіркелген жоқ.

Ана өлімі аудан бойынша тіркелген жоқ.

 

Әлеуметтік маңызы бар аурулар:

Нысаналы топтардын арасында жүргізіліп отырған профилактикалық тексерудің арқасында  Жүрек қан тамыр ауруларынан аурушаңдық көрсеткіші 3636,8-ден (405 жағдай) 3759,8-ге (409 жағдай) дейін артып келеді,   өлім-жітім  көрсеткіші  152,6– дан (17 жағдай)  128,7-ге (14 жағдай) төмендеді. Қазіргі уақытта нысаналы топтардын 100 % скринингілік тексеруден өткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда анықталу көрсеткіші  артып отыр.

Қатерлі ісіктен аурушандық көрсеткіші 125,7–ден (14-жағдай) 101,1-ге (11) төмендеп, сонымен қатар катерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіші  89,7-ден (10жағдай), 73,5 -ке (8жағдай) төмендеп отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда туберкулезбен аурушандық көрсеткіші 26,9-дан (3жағдай)  27,5-ге (3) жетті . Ауданымызда туберкулезден өлім-жітім  жағдайы тіркелген жоқ. (2018 ж. – 0). Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақтандырылды.

Жарақаттар мен уланулардан аурушаңдық көрсеткіші 476,4-ден (52 жағдай) 412,3-ке  (45 жағдай) төмендеді, өлім-жітім көрсеткіші 26,9-дан (3 жағдай) 73,5-ке ( 8 жағдай) жоғарылап отыр,яғни 5 жағдайға артты.

Сонымен қатар 2018 ж наурыз айынан бастап  Аурухананың құжатайналым жүйесінде толық электорнды жаңа технологияға сай  іске асырылды. Казмед ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды. Пациенттердің ауыру тарихы олардың электрондық карточкалары мен бейненің цифрлық өңделуіне негізделген, қазіргі таңда толықтай қағазсыз жұмыс істеуге көшірілді..Жарқын Болашақ мамандарымен тығыз байланыстамыз.