«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысына сәйкес үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

2014 жылы бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, жұмыспен қамту орталығына жолыққандар 740 адамды құрап, әлеуметтік келісім шарт 581 адаммен жасалды.

2014 жылғы республикалық бюджетте қаралған нысаналы трансферттер нәтижелері туралы 2014 жылғы 20 қаңтарындағы аудан әкімі мен Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы арасындағы №1 Келісімге  №1 Қосымша келісімінің 2 бөлімінің 4 тармағының 3 тармақшасынын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Бағдарламамен нысаналы топтарға жататан азаматтарды жұмыспен қамтамассыз ету нәтижесінде, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа орналастыру жоспары 98 адам болса орындалуы 307 адам, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру  жоспары  207 адам болса, орындалуы 252 адам, аз қамтылғандар (АӘК және МБЖ алушылар) жұмысқа орналастыру  жоспары  172 адам, орындалуы 181 адам.

Бірінші бағыт бойынша екі жоба іске асырылды, ол Ақжайық және Жаңа-Өмір ауылдарының жалпы орта білім беру мектептерінің күрделі жөндеуі.

Инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бағдарлама қатысушылары қатарынан Ақжайық және Жаңа-Өмір ауылдарының жалпы орта білім беру мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 52 уақытша жұмыс орнын кұру жоспарланған болатын. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 50 пайызы. Сол уақытша кұрылған жұмыс орындарына бағдарлама қатысушылар қатарынан 56 адам жолданды. Бүгінгі күні барлық жобалар аяқталып, нысандар қолданысқа берілді. 

Екінші бағыт:

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға жәрдемдесу мақсатында бағдарламанының бұл бағытына бюджеттен 93 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы төмен пайызбен 47 адам 93 млн. теңгеге несие алып өз істерін ашты.  Соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 42 жоба, жоба құны 82,5 млн. теңге, жалпы сомманың 88,7% құрайды, ол Ақжайық селолық  округінен 7 жоба,  құны 12,7 млн. тенге, Аңқаты селолық  округінен 2 жоба,  құны 2,5 млн. тенге, Ақсоғым селолық  округінен 2 жоба,  құны 4,5 млн. тенге, Богдановка селолық  округінен 1 жоба,  құны 3 млн. тенге, Долинное селолық  округінен 4 жоба,  құны 6,6 млн. тенге, Новопавловка селолық  округінен 2 жоба,  құны 2 млн. тенге, Подстепное селолық  округінен 7 жоба,  құны 15,4 млн. тенге, Приречное селолық  округінен 1 жоба,  құны 3 млн. тенге, Покатиловка селолық  округінен 2 жоба,  құны 2,3 млн. тенге, Ұзынкөл селолық  округінен 1 жоба,  құны 1,1 млн. тенге, Шағатай селолық  округінен 2 жоба,  құны 4,5 млн. тенге, Шаған селолық  округінен 5 жоба,  құны 11,5 млн. тенге, Федоровка селолық  округінен 5 жоба,  құны 10,4 млн. тенге, Шалқар селолық  округінен 1жоба,  құны 3 млн. тенге, құс шаруашылығына 2 жоба, жоба құны 6 млн. теңге Шаған селолық округінен, керамзит тас шығару цехын ашу 1 жоба, жоба құны 0,5 млн. теңге және құлпытас шығару цехі 1 жоба, жоба құны 2 млн. теңге Федоровка селолық округінен, Дәнекерлеу цехі 1 жоба, жоба құны 2 млн. теңге Подстепное селолық округінен.

Ағымдағы жылдың маусым айының 5 -7 күндері Федоровка ауылында және шілде айының 9 -11 күндері аралығында Ақжайық ауылында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Astana School of Business and Technology» ЖШС кәсіпкерлік негізін оқыту кестесі бойынша несие алуға ниет білдірген 47 адам оқытылды, соның ішінде 2013 жылы несие алған 12 адам. Оқуын аяқталғаннан кейін азаматтардың барлығы сертификаттарын  алды.

Үшінші бағыттың мақсаты:

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту  үшін бағдарламаның өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 2014 жылға бюджеттен 30,9 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.

Бағдарлама аясында оқуға жолдау үшін 4,5 млн. теңге  бөлінді. 30 жұмыс берушілерден түскен сұраныстарға сәйкес біліктілігін арттыру курстарына «ЮлАнИл» ЖШС мен 59 мың теңгеге келісім шарт жасалып, «1С -есепші» мамандығына 4 адам жолданды, қайта даярлау курстарына Орал технологиялық колледжімен  136 мың теңгеге келісім шарт жасалып,  «аспазшы» мамандығына 3 адам және  «ЮлАнИл» ЖШС мен 224 мың теңгеге келісім шарт жасалып, «есепші» мамандығына 5 адам жолданған болатын, кәсіби даярлауға 2,8 млн. теңге бөлініп,  16 адам келесідей мамандықтар бойынша «Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі»МКҚК -на 8 есепші және 3 электромонтер жолданды, «Орал сервис және жаңа технологиялар колледжі»МКҚК -на  4 аспаз жолданды,  «Теректі колледжі» МКҚК-на 1  мал дәрігерлік өндеу операторы жолданды. Қазіргі таңда барлығы оқуын жалғастыруда.

Биылғы жылы біліктілігін арттыру курстарына жолданған 4 адам және қайта даярлау курстарына жолданған 10 адам оқуын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін бюджеттен 12,1млн. теңге бөлініп, есепті кезеңге 100% игерілді. Жастар тәжірибесін өту үшін 61 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Есепті кезеңге жолданған 84 адамның ішінде: 9 адам жұмысын жалғастыруда, 54 адам келісім шарттың мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды, 9 адам тұрақты жұмысқа орналасуына, 1 қайтыс болуына, 4 адам әскери қызметке шақырылуына, 1 адам бала күтіміне шығуына байланысты және 6 өз еркімен жұмыстан босатылды.

2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін бюджеттен  14,3 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңге 100% игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындары ақпан айынан ұйымдастырылды. Бекітілген тізбеге сәйкес 26 жұмыс берушімен 94 жұмыс орнына келісім шарт жасалды (18 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер). Бүгінгі күні 94 адам жұмыстарын аяқтады, соның ішінен 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған жұмыс орындарында тұрақты жұмысқа қабылданды.

2014 жылдың қараша айының 13 күні «Батыс Қазақстан ғылыми - зерттеу институты» мекемесінің директоры мен қызметкерлері келіп «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының үгіттеу және жергілікті атқарушы органдардың бағдарламаны жүзеге асырудағы белсенділігін арттыру үшін барлық селолық округ әкімдері мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне семинар өткізіді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын насихаттау үшін Ақжайық, Подстепное, Сары -Өмір және Федоровка ауылдарында банерлері оранатылды.