Құрметті Теректі ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы көлемінде танымал, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын ірі аудан.

Теректі ауданы - соғыс батырлары мен  атақты еңбеккерлердің, мәдениет және қоғамдық қайраткерлердің отаны.

Ауданда ет бағытындағы ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры мен сүт бағытындағы асыл тұқымды  голштинофриз сиырларын, көшім жылқысын өсіреді.

Біздің сайтымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы білуге, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Біздің сайт ашқандағы мақсатымыз - «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік органдардың нәтижелі қызмет жасауын қамтамасыз ету. Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз!

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі

Жақыпов Кәрім Кәрімоллаұлы


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.


 Жаңалықтар


Хабарландыру

24.11.2017


Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

13.11.2017

2017 жылдың 8 қарашасында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері мен ассистентеріне 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары А. Тукжановтың төрағалығымен өткен жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасының басшысы мен мамандары сөз алып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгеруін түсіндірді. Шартты және шартсыз ақшалай көмекті тағайындау және төлеу тәртібі туралы ауылдық округ әкімдері мен ассистенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жаңа Заң аясында жауаптар берілді.

Толығырақ...


Хабарландыру

26.09.2017

Теректі ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін беру (жалға беру) бойынша конкурс өткізеді.

Теректі ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін беру (жалға беру) бойынша конкурс 2017 жылдың 30 қазаныңда сағат 10:00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная 18, Теректі ауданы әкімдігінің кіші залында өткізіледі.

Толығырақ...


«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы Теректі ауданында

22.09.2017

«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасының «Кең ауқымды түсіндірме жұмыстары» І бағыты аясында 19-20 қыркүйек күндері Теректі ауданында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ...


Халықпен кездесу және еліміздегі сот жүйесіндегі тың өзгерістер туралы түсінік беру мақсатында арнайы іссапармен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов ауданымызға келді

22.09.2017

18 қыркүйек күні аудандық әкімшіліктің үлкен мәжіліс залында өткен, мекеме-ұйым басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысқан  жиынды аудан әкімі Кәрім Жақыпов жүргізді.

Толығырақ...


Әлеумет әлеуетін көтеру жобасы

22.09.2017

Өткен аптада аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың төрағалығымен округ әкімдері, бөлім басшылары, кәсіпкерлік палатасы, кредиттік серіктестік өкілдері жиналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Толығырақ...


Қоғамдық кеңес отырысы өтті

22.09.2017

Өткен аптада аудан әкімдігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Ауылдық округтар қоғамдық кеңесі өкілдері, аудан әкімінің орынбасары В.Кушнер, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев қатысқан отырысты аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ғ.Қатабаев жүргізді.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...